Түркістан облысында мұнай контрабандасымен айналысқан топ ұсталды
Қазақстандық мұнай өнімдерін ірі көлемде теңіз арқылы шетелге заңсыз шығарумен айналысқан контрабандалық топ қолға түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметімен сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін заңсыз шетелге, оның ішінде теңіз арқылы шығару арнасының жолын кесті.
Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz