Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы мен сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді.
Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған.
Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.