Теміртауда екі жасар баланы өлтірген қанішерге қатысты тың дерек айтылды
Теміртауда сұмдық жағдай. Екі жастағы баланы айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды. Қаскөй азаматық некедегі әйелінің қаршадай ұлын 17 жерінен пышақтаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.
Юрий Иванов, көршісі:
- Бала тыржалаңаш жатыр. Үстінде сау жері жоқ. Ананы көргендегі күйімді жеткізу мүмкін емес. Бірден полиция шақырдым. Баланың анасы тіпті есінен танып нашарлап кетті.
Азаматтық некедегі жұп пәтерді соңғы екі айдан бері жалдап тұрған. Олардың ешқандай ерсі қылығын көрмедік дейді көршілері.
Аспаз болып жұмыс істейтін келіншек кезекшіліктен келіп, үйіне кіре алмаған. Жабық есікті ұрғылап біраз жүріпті. Кейін пәтер қожайынынан кілтті алып, ішкі кіргенде талып қалған. Екі жастағы баласы бөлмедегі кереуетінің жанында қанға малынып жатқан.
Ал оны өлтірді деген күдікті телфонын сөндіріп, бірден із суытқан. Оны кешелі бері іздеген полиция 24 наурыз күні қала көшелерінің бірінен ұстаған.
Ішімдікке тойып алған ол бала жылай бергесін, қолына пышақ алғанын айтқан. Қылмыстан соң бесінші қабаттан секіріп өлмек те болыпты. Бірақ оған батылы жетпеген.
Мақсат Әшімов, Теміртау қаласы ПБ бастығы:
- 24 наурыз күні жүргізілген кешенді жеделіздестіруде Теміртауда кішкентай баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды. Ол қылмысын мойындады. ҚР ҚК 99-бабы, 3-тармағы бйоынша қылмыстық іс қозғалды.