Талғар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 32 жастағы азаматты өлтірген күдіктіні шекара аспақ болған жерде қолға түсірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.
24 қаңтар сағат 13:48 шамасында Талғар ауданының ПБ-ге оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғандығы туралы хабарлама түскен.
Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша жоғарыда көрсетілген бөлімшенің СДТБТ-да тіркелді.
1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.