Талдықорғанда 18 жастағы бала әкесін ұрып өлтірді
Талдықорғанда 18 жастағы жігіт әкесін ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 6 ақпан күні Көктал шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған. Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы оны ас үй табасымен ұрған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.
ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу