Шымкенттегі атыс туралы тың дерек айтылды

Шымкенттегі атыс туралы тың дерек айтылды

Шымкентте қару сататын дүкенді тонаған адам тапа-тал түсте көшеде оқ жаудырды. Оны тоқтатпақ болып тұра ұмтылған 52 жастағы күзетшіге оқ тиіп жараланды. Ал қолына автомат алған күдікті полицейлердің көлігіне мініп қашып кетпекші болғанда ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент орталығында қаруланған адам емін-еркін көшеде жан-жағына оқ атып жүр. Куәгерлер оның қолында бірнеше қару болғанын айтады.

 

Фараби Сыздықбеков,  оқиға куәгері:

 

- Қолында винчестер, қосауызды мылтық. Біреуін бір қолына ұстап алған, екіншісімен атты. Тура осы көшенің бойымен, сосын арғы бетке өтті. Жаңағы үлкен кісі, қолына мылтығын ұстап жүгіріп айқайлап жүрді. Бірекі оқ атылды. Адамға тиді ме, тимеді ме, байқамадық. Біз мына жақта жүрдік, тығылып үлгердік, оқ тиіп кете ме деп қорықтық.

 

Күдікті қолындағы автоматты қару-жарақ сататын «Арсенал» дүкенінен алып шыққан. «Дүкен тоналды» деген дабылмен келген күзетшілер оны артынан қуған. Бірақ мұздай қаруланған күдікті біреуін сол жерде жаралапты. Қаскөй патрульдік полицейлердің көлігін де тартып алмақшы болыпты. Бірақ, тәртіп сақшылары жабылып жүріп ұстап үлгерді.

 

Жанарыс Серікбай, оқиға куәгері:

 

- Бері қарай шықты. Одан кейін қасында полицейді көріп тоқтап еді, бірекі оқ атылды. Одан кейін полицейдің көлігіне отырып алып, айдап қашпақшы болды. Одан кейін полицейлер ұстап алды, болды. Үш полицей.

 

Қазір күдікті ұсталды. Полицейлер оның Өзбекстан азаматы екенін айтады. Бірақ 50 жастағы көрші елдің азаматының мұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз. 

 

Қарулы адамды патрульдік полицейлер мен «Тұран» АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстады. Ер адам Өзбекстан азаматы, Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрады. Одан шолақ мылтық және ұрланған «Сайга» карабині тәркіленді.

 

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

 

Ал қолынан жарақат алған күзетшіге ауруханада ота жасалып жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста