СҚО полицейлері 50-ге жуық елікті жоюға қатысты күдіктілерді ұстады

СҚО полицейлері 50-ге жуық елікті жоюға қатысты күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық полиция ведомствосының басқа бөлімшелерімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде заңсыз аң аулауға күдікті Петропавлдың үш тұрғынын ұстады.

 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қарамағына Петропавл тұрғындарының бірінде тіркелмеген қарудың болуы туралы ақпарат түсті.

 

27 ақпанда таңертең Челябинск — Новосибирск тас жолының 525 шақырымын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 28 жастағы азаматтың басқаруындағы ВАЗ – 2115 автокөлігін тоқтатты. Салонда 29 және 30 жастағы тағы екі Петропавл қаласының тұрғындары болған.

 

Автокөліктің жүксалғышынан қарау кезінде Сібір елігінің 4 ұшасы, сондай-ақ ТОЗ екі тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық, 2 патрон, гильза және басқа да аңшылық құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді.

 

– Бұдан әрі іс-шараларды өткізу кезінде Петропавлдағы саяжай қоғамдарының біріндегі үйден 2 ұшасы мен 41 елік терісі, 119 тұяқ, 12 бас жануар тәркіленді. Бұл факт ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тәркіленген қару мен жануарлардың қалдықтары сараптамаға жіберілді. Күдіктілер Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығы Жандос Басыбаев.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста