Қызылордада күйеуі өлтірген әйелді қорғамады деген күдікпен полицей сотталуда

Қызылордада күйеуі өлтірген әйелді қорғамады деген күдікпен полицей сотталуда

Қызылорда қалалық сотында әрекетсіздік жасады деген айыппен полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдалымдар өтуде. Бұл туралы журналист Айнагүл Манабаева өз Facebook парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылордада үш баланың анасын күйеуі соққыға жығып, өлтірген 27 жастағы Ажар Шадиева өзінің туған күнін караоке-клубта атап жатқанда, жұбайы екеуінің арасында жанжал туындап, ер адам оны ұрып-соққан.

 

Туыстары бұған полицейлерді кінәлады. Себебі қызметкерлер оқиғаның алдын алуға мүмкіндігі болғанымен, керісінше, жәбірленушіні көлікке тиеуге көмектескен. Қазіргі уақытта 15 полицейдің ішінен патрульдік полицияның бір инспекторы 25 жастағы Ерсұлтан Қуанышбай айыпталуда.

 

Ерсұлтанның әкесінің айтуынша, ұлына қатысты қылмыстық іс заңсыз. Оқиға кезінде 15 полиция қызметкері болғанымен тек ұлының сотталушы болғанына наразы. Айтуынша, оны артқы күнмен жұмыстан шығарып жіберген.

 

“Балам ауруханада болған кезде оны Қызылорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі Абаев ауруханадан шақыртып, қамауға алды. Екі айдан бері менің ұлым тергеу изоляторында отыр, ал қалған полицейлер қандай да бір себептермен күдікті емес, куәгер ретінде қайта даярланды. Мен өзім ішкі істер министрлігінің ардагерімін, отставкадағы майормын, мұны түсіне алмаймын”, – деді айыпталушының әкесі.

 

Ол бірінші кезекте осы учаскеге бекітілген учаскелік патрульдер, сол күні  учаскеде болған патрульдер және олардың басшылары жазалануы тиіс деп санайды.

 

“Ұлым ол жерге бәрі ушыққан кезде келді, бірақ соңына дейін болмады. Себебі оны басқа жерге шақыртқан. Соған қарамастан тек жалғыз өзі жауапты болып отыр. Антикор мен прокуратурада сыбайлас жемқорлық өршіп тұр”, – деді Қуанышбайдың әкесі.

 

Оның жұмыс істегеніне он ай болды. Әкесі әділдік орнап, бәрі жазаларын алатынына сенімді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста