Құқық қорғау органдары қызметкерлері қылмыстық және деструктивті діни ағым өкілдеріне қару сатқан
Қылмыстық және деструктивті діни ағым өкілдеріне қару сатқан құқық қорғау органдары қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Олар тіркеуден шығарылған оқ-дәрі мен қару-жарақты жойылды деген жалған есеп беріп, кейін сатылымға шығарып отырған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қаруды қайта айналымға шығару арнасының жолын кесті, тінту кезінде 347 бірлік қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі тәркіленді.
Күдіктілер 2-ден 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру мерзімдеріне сотталды. Қызметтік міндеттеріне салғырт қарағаны үшін бірқатар басшы жұмыстан босатылды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу