Қостанай облысында бұрын жасалған ауыр қылмыс ашылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
23 ақпанда Қостанай облысы полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын ағасын төрт айдан бері көрмегенін айтып арызданған. Қоңырауларға жауап бермейді, қайда екені белгісіз болған.
Сонымен, тергеу тобы тұрғылықты жерінен із-түзсіз жоғалған 50 жастағы ер адамның мәйітін зорлықпен жасалған өлім белгілерімен тапты.
Жәбірленушінің 51 жастағы әйелі ұсталды. Бірақ ол ұазіргі уақытта жөнсіз мінез-құлық салдарынан психиатриялық ауруханада жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі "Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.