Қорғаныс министрлігінің шенді қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды
Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы жемқорлыққа күдіктіретінде ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде.
Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу