Қарағанды қаласында жеделсатыда 14 жастағы қызды азғындамақ болған азаматқа «зорлық-зомбылық әрекеттеріне оқталу» бабымен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді.
14 наурызда ер адамға жасөспірімді азғындау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі болды. Полиция департаменті сараптама тағайындалғанын хабарлады.
Еске салсақ, Қарағандыда наурыз айының басында 23 жастағы ер адам жеделсатыда 14 жастағы қызды қорлағаны туралы видео тараған еді.