Қарағанды облысында жасөспірім анасын тонаған қарақшыны видеоға түсіріп алған
Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында ер адам әйелге өз үйінің ауласында шабуыл жасады. Шабуыл сәтін жәбірленушінің ұлы видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Тапа-тал түсте белгісіз ер адам 51 жастағы Қарқаралы тұрғынына шабуыл жасаған. Үйінің ауласында қаскүнем әйелдің басына бірнеше рет соққы берген. Осы уақытта әйелдің ұлы бұл жайтты камераға түсіріп, адамдарды көмекке шақырған.
Қылмыскердің неліктен шабуыл жасағаны әлі белгісіз. Оны қазір полиция іздестіріп жатыр.
«Белгісіз азаматтың Қарқаралы ауданы тұрғынына қатысты жасалған шабуыл дерегі полицияда тіркелді.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр», - деп мәлім етті Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz