Қарағанды облысында сегіз интернет-алаяқ ұсталды

Қарағанды облысында полицейлер бірқатар интернет-алаяқтардың қылмыстық әрекетін әшкереледі. Ұсталғандар қамауға алынып, кейін сотталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері Қарағанды облысы бойынша интернет-алаяқтықтың 508 дерегі тіркелген. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында бірқатар қылмыстар жасағаны үшін 8 адамды анықтап, ұстады.

«Мысалы, Осакаров ауданында 25 жастағы күдікті ұсталды, ол істеген ісін мойындады. Ол алаяқтық жолмен Осакаровка ауылының тұрғындарына онлайн несие рәсімдеген. Қылмыстық іс 12 дерек бойынша қозғалды, жалпы шығын 12 млн теңгені құрады. Қарағандыда тоғыз рет алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы ер адам ұсталды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Тәртіп сақшылары қарағандылықтарды сақ болуға шақырды. Егер сізге белгісіз нөмірден қоңырау шалып, қандай да бір қаржылық операциялар жасауды ұсынса, ол адаммен бірден әңгімені үзу керек.

«Интернет-алаяқтарға алданбас үшін телефонға белгісіз қосымшаларды жүктемеңіздер. Егер сізге бегісіз адамдар қоңырау шалып, банк қызметкерімін деп таныстырса, дереу жақын жердегі полиция бөліміне немесе банк бөлімшесіне хабарласыңыз», – деп кеңес береді полиция департаменті басшысының орынбасары.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста