"Полицейлер пышақтады": Шу тұрғыны Бас прокуратураға шағымданды

"Полицейлер пышақтады": Шу тұрғыны Бас прокуратураға шағымданды

Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны "тәртіп сақшылары төрт жерімнен пышақтады" деп Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне үндеу жасады. Аудандық ауруханаға түскен ер адамның сөзінше, оны алты полицей жабылып ұрған. Полиция департаменті өкілі істің мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүріп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Пышақ жарақатымен ауруханаға түскен азамат видеоүндеуінде құзырлы орган басшыларынан көмек сұраған.

 

"Құрметті Берік Асылов, Марат Ахметжанов, сіздерден көмек сұраймын! Кеше Шу ауданы полиция қызметкерлері мені тоқтатып алып, машинаның алдында ұрып, соқты. 4 жерімнен пышақтады. Енді олар жазадан құтылып кетейін деп жатыр", - дейді ер адам видеода.

 

Ауруханада жатқан жігіттің туыстары дау дәмханада басталғанын айтады.

 

Олардың сөзінше, ер адамның көлік прокуроры болып істейтін інісі Шудағы дәмханалардың бірінде тәртіп сақшыларымен ерегісіп қалған, артынша төбелес болған, інісіне араша түсуге келген жігіт пышақ жарақатын алған.

 

Ал Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиға қалай болғанын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

 

"Қылмыстық кодекстің 293 бабының 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта Жамбыл облыстық полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел тергеу іс-шарасын жүргізуде", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста