Полицейлер 9 жасар балаға судьяның көлігін өртеді деп күдік келтірген

Полицейлер 9 жасар балаға судьяның көлігін өртеді деп күдік келтірген

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауылында аудандық судья Ілияс Іргебаевтың көлігін белгісіз адамдар өртеп жіберген. Бірнеше күннен соң полиция қызметкерлері күдіктінің үйіне келеді. Олардың айтуынша, көлікті үшінші сынып оқушысы өртеп жіберген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

31 мамыр күні таңертең Жаңақала ауылында белгісіз біреулер аудандық судьяның көлігін өртеп жіберді. Көліктің жанынан құқық қорғау өкілдері жанар-жағармайы бар пластикалық бөтелке мен қамысты тапты, деп хабарлайды Уральская неделя газеті.

 

Судья өртенген көліктің оған тиесілі екенін растады.

 

Полицейлер ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі, яғни "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша тергеуді бастады.

 

Өрттен кейін Жаңақала АІІБ полицейлері көпбалалы ана Раушангүл Бисенованың үйіне бас сұғады. Полицейлер әйелге оның тоғыз жасар баласы көлікті өртеп жіберді деп күдік келтірілетінін айтады. Бұл туралы жергілікті блогер өзінің Facebook-тегі парақшасында жазады.

 

Баланың анасы бейне үндеуде өз ұлының жасына байланысты бұл қылмысты жасай алмайтынын және сол түні баласының үйде болғанын айтады. Әйелдің видео үндеуі желіде жарияланды.

 

Осыдан кейін Жаңақала АІІБ полицейлері аталған отбасынан кешірім сұрады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста