Павлодарда жанжалдасқан полицейлердің бірі оқ атты
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Сұрағанов көшесі бойындағы мекемеге келушілер арасында жанжал туындаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға түнгі уақытта болған.
Шиеленіске қатысушылардың бірі ҚР ІІМ оқу орталығының қызметкері газ тапаншасын қолданған.
- ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі - “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жанжалға қатысушылардың арасында бала күтіміне байланысты демалыста отырған Екібастұз қаласы ПБ қызметкері де бар.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу