Өскеменде ұялы телефон алаяқтары көбейді

Алаяқтар бір тәулікте екі адамды алдап соққан. Мұндай қылмыстан зардап шеккендердің дені зейнеткерлер болып табылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

28 шілде күні полицияға 67 жастағы зейнеткер келіп, бір сағат бұрын оның ұялы телефонына белгісіз адамдардың қоңырау шалғаны туралы айтыпты. Хабарласқан адамдар оның ұлының заңды бұзғаны және көмекке зәру екенін айтып, 70 мың теңге ақша сұраған.

«Зейнеткер аталған соманы «Qiwi әмиянға» аударып жібергеннен кейін бірақ сезіктене бастайды. Адамдардың көпшілігі бірден туысына қоңырау шалып, мәселенің байыбына баруды ойламай қалады», - деп хабарлайды Өскемен ІІБ баспасөз қызметі.

Осыған ұқсас оқиға келесі күні тағы қайталанған екен. Бұл жолы 55 жастағы қала тұрғыны жалған полицейлердің құрбаны болып, 30 мың теңгені алаяқтарға аударып жіберген.

Аталған фактілер бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста