Оралда 39 жастағы ер аадам өз анасын өлтірді
3 тамыз күні түскі сағат 12:56 шамасында БҚО ПД Кезекші бөліміне Школьная көшесінде орналасқан пәтердің есік алдында үй иесінің денесінің жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері барып, 60 жастағы әйел адамның мәйітін тапты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ізін суытпай осы іске күдікті ретінде 1984 жылғы азамат анықталып, ұсталды.
Күдікті марқұмның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған ұлы екені анықталды. Оқиғаның болжамды себебі отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде болған.
Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz