"Оператор РОП" бойынша іздеуде жүрген күдікті Шнар Муқтарова Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аntikornews телеграм арнасына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын.
Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асыруда.