«Метрополитен» КМК-да 5 млрд теңге ұрлау фактісі бойынша тергеу аяқталды
Көлік прокуратурасы «Метрополитен» КМК бұрынғы басшылығы, сондай-ақ мердігер ұйымдар - «Алматыметроқұрылыс» АҚ және «Автоматтандыру және технологиялар сервисі» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеп бітті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Қылмыстық іс ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 216-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған болатын.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер Алматы қаласы метрополитенінің жаңа желісін салу кезінде ауқымды басқару функциясына ие болған.
Дәл осы өкілеттіктер оларға қылмыстық жағдай жасауға және 5 млрд теңге ұрлауға мүмкіндік берді.
Ол үшін олар жалған баға ұсыныстарын жинақтап, олардың негізінде құны 10 есе жоғары болатын жабдықтарды сатып алуға смета жасады.
Кейіннен жымқырылған қаражатты «жалған кәсіпорындар» арқылы қолма-қолға айналдырды.
Жымқырған ақшаны қайтару үшін үш қымбат пәтерге, Алматы қаласындағы бір кеңсеге, Алматы облысындағы жер учаскесіне, люкс автокөліктеріне, брендтік сағаттарға және күдіктілердің басқа да бірқатар активтеріне тыйым салынды.
Бүгінгі таңда қылмыстық іс сотқа жолданған.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz