Медеу ауданы жемқорлықпен күреске айрықша мән береді

Медеу ауданы жемқорлықпен күреске айрықша мән береді

Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл – індет адамзат баласына жат қасиет. Сыбайлас жемқорлық еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Осы орайда Алматы қаласының Медеу ауданы биылғы жылдың сегіз айлық қортындысы бойынша жемқорлықпен күрес нәтижесін жариялады. Ауданның жыл басынан бергі жемқорлықпен күрес нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай. Қоғамның жемқорлыққа төзбеушілік аурасын қалыптастыру, антижемқорлық мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан көлемінде ұдайы әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Медеу ауданы әкімдігінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында өткізіліп жатқан әрбір іс-шараның маңызы зор! Атап айтар болсақ, азаматтардың бойында сенім қалыптастыру үшін аудан көлемінде атқарылып жатқан барлық шараларды ашық және жариялы түрде өткізу қалыптасқан қағидаға айналған. Егер мемлекеттік қызметкердің үстінен қандай да бір шағым болатын болса, 291-62-16 сенім телефоны арқылы кез келген азамат арыз-шағымын қалдыра алады. Бұл сенім телефоны Медеу ауданының арнайы ресми сайтында да көрсетілген. Сондай-ақ Медеу ауданы әкімдігінің кіре берісінде арнайы халықтың арыз-шағымы үшін жәшік орнатылған. Бұл жәшікке де әкімдікке қатысты, оның қызметкерлеріне қатысты кез келген азамат өз талап-тілегін, арыз-шағымын қалдыра алады. Атап айта кетер жайт, 2017 жылдың басынан бері сенім телефоны мен арнайы орнатылған жәшік арқылы әкімдік қызметкерлерінің ешқайсының үстінен шағым түспеген.
Аудан әкімі мен әкім орынбасары, аппарат басшылары жекелеген азаматтарды қабылдау үшін әр аптаның бір күні мен сағатын арнайы белгілеген. Бұл да болса аудан көлеміндегі мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметші әдебіне сай болуы мен жемқорлық фактілерінің орын алмауы үшін атқарылып отырған шара.
Сондай-ақ аудандық құқық қорғау қызметкерлерінің, жергілікті полиция қызметкерлерінің, учаскелік полиция қызметкерлерінің жеке ұялы телефондары да аудан әкімдігінің кіре берісінде көрнекі орынға орналастырылған. Жемқорлыққа қарсы баннер де оның жанына орнатылған. Демек аудан көлемінде мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті халықтың жемқорлыққа қатысты көзқарасын қалыптастыру үшін көрнекіліктер жеткілікті деуге болады.
2017 жылдың басынан бері жемқорлыққа қарсы аудан көлемінде 8 семинар өткізілген. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауатын артттыру мақсатында аудан әкімдігінде бірнеше рет құқықтық сабақтар да өткізілді. Бірнеше рет жыл басынан бері аудандық әкімдік қызметкерлері мен аудандық «Нұр Отан» филиалының бірінші орынбасары мен учаскелік полицейлердің ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда мұндай іс-шаралар наурыз айының ортасында және тамыз айының аяғында өткізілді. Медеу ауданы әкімдігі алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатындағы іс-шаралардың үздіксіз өткізіліп тұратынын айтады. Яғни сыбайлас жемқорлықпен күрес еш тоқтамақ емес.
Аудан көлемінде барлық мемлекеттік мекемелерде жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізу әдетке айналған. Жемқорлықпен күрестің нәтижелілігін арттыру мақсатында мамандар нақты ұсыныстарын да айтататын мұндай шаралардың маңызы зор деп санайды. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасы береді және ұдайы Медеу аудандық әкімдігінің қадағалауында болады.
Еркенұр ЕРЗИЯ

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста