Иттің етін сатумен айналысқан Ақмола облысының тұрғыны ұсталды
Полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, қаңғыбас иттерді аулап, олардың етін сатқан Ақмола облысының 41 жастағы тұрғынын анықтап, ПБ-не жеткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Жануарларға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша ҚР ҚК 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Тұрғылықты жерін тексеру барысында жалпы салмағы 750 келіге жуық 50 сойылған иттің өлексесі табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Тергеуге мүдделі мемлекеттік органдар тартылды. Қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарына сәйкес тергеудің өзге де егжей-тегжейлері жария етілмейді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу