Гүлмира Сатыбалды сотта соңғы сөзін айтты

Гүлмира Сатыбалды сотта соңғы сөзін айтты

Гүлмира Сатыбалдының қылмыстық ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Бүгін тараптардың жарыссөзі аяқталғаннан кейін сотталушыға соңғы сөз айту құқығы берілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

"Құрметті сот, мен адвокаттарымды толығымен қолдаймын және заңды шешім қабылдауды сұраймын. Мен жәбірленуші Мекешовамен татуласқанымды ескеруіңізді сұраймын. Алагөзовтың әрекетіне баға беруіңізді және менің балаларым мен немерелерімнің өміріне қатысуға мүмкіндік беруіңізді сұраймын", — деді Гүлмира Сатыбалды.

 

Еске сала кетейік, 2022 жылғы наурызда Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының ұсталғаны белгілі болған еді. Биыл наурыз айында оған қатысты іс бойынша сот отырысы басталды.

 

Айыптаушы тарап Гүлмира Сатыбалдыға мынадай қылмыстар бойынша айып тағылғанын мәлімдеді:

 

* Қылмыстық кодекстің 389-бабының ("Өзінше билік ету") 3-бөлігі – күш қолдана отырып немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы немесе адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру;

 

* 28-баптың 3-бөлігі, 125-баптың 2-бөлігінің 1 тармағы бойынша – алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен жасалған қылмыс, адам ұрлауды ұйымдастыру.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста