Ерлі-зайыпты педофильдер кішкентай қызды зорлады
Қарағанды қаласының тұрғыны азаматтық некедегі күйеуіне 13 жастағы қызын зорлауға мүмкіндік берген және өзі де қылмысқа қатысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға туралы қыздың өзі таныстарына айтқанға дейін ешкім білмеген. Осыдан кейін, ақпарат бірден құқық қорғау органдарына хабарланған.
Ерлі-зайыптылар тұтқындалды. Тергеу кезінде 2006 жылы дүниеге келген қызға зорлық пен тұрмыстық әлімжеттікке жасағаны белгілі болды.
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, зорлық-зомбылық 2019 жылы болған. Арнайы соттың судьясы жәбірленушіні шақырып, сот залында тағы да жауап алуды жөн көрмеген.
Сот шешімі бойынша, қыздың анасы 16 жыл, ал азаматтық жары 21 жылға бас бостандығынан айрылды.
Сондай-ақ, ерлі-зайыптыларға қатысты Қылмыстық кодекстің "кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау не порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту" тармағы бойынша да айып тағылды.
Сотталғандарға қосымша жаза ретінде өмір бойы педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырды.