Ер адам көңілдесін неге пышақтағанын айтты

Ер адам көңілдесін неге пышақтағанын айтты

Отбасылы екенін жасыру үшін жақында ғана танысқан көңілдесін пышақтап тастаған. Ақтөбе облысының әкімдігінде жұмыс істейтін әйелді азаптап өлтірген күдікті сот алдында жауап бере бастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы сот отырыста 29 жастағы жігіт қанды қылмысқа неге барғанын айтып берді.

 

- Отбасымды жоғалтып аламын ба деп қорқып, сондай әрекетке бардым. Машинада, алдыңғы жағында тұрғанда пышақтадым. Артқа қарап тұр еді. Оң жағынан тықтым. Содан кейін көз жұмып тыға бердім. Қай жеріне пышақ тыққанымды білмеймін.

 

Оқиға осыдан үш ай бұрын болған.

 

Сотталушы 46 жастағы әйелмен «бойдақпын, бұрын ажырасқанмын» деп танысыпты.  Осылайша екі күн қатарынан жұмысынан күтіп алып жүріпті. Соңғы кездесуінде марқұм күдіктінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қойған. Осыған ашуланған 29 жастағы жігіт тартпада жатқан пышағын алып, әйелді 35 жерінен жарақаттаған. Онымен қоймай, мәйітін жүк салғышқа бүктеп салып, екі күн бойы жүріпті.

 

Сот барысында сотталушы адам өлтіргенін мойындап отыр. Қылмыс жасағанын тәртіп сақшыларынан жасырып, тығылып жүргенін де айтып берді.

 

Елдар Әбиев, мемлекеттік айыптаушы:

 

- Артынан ешкім көріп қоймасын деген оймен жүк салғышына қолаяғын бүктеп салып, оқиға орнынан бой тасалаған және 2023 жылдың 25 ақпанына дейін, полиция қызметі әрекетін әшкерелегенге дейін мүрдені автокөліктің жүк салғышында сақтаған.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста