Елімізден мұнай өнімдерін заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Елімізден мұнай өнімдерін заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Биыл 31 қаңтардан бастап алты ай мерзімге Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл тыйым «Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» Энергетика министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы №21, Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы №49, Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 31 және ҚР ҰҚК Төрағасының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 40 бірлескен бұйрығына сәйкес енгізілді. 

 

Бұдан басқа, «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Энергетика министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы №118 бұйрығына сәйкес, 2023 жылғы 8 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынды.

 

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдары белгіленген тыйым салулардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады, мұнай өнімдерін заңсыз әкету фактілерін анықтау және жолын кесу жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.

 

Мәселен, 2023 жылдың 5 айында ЕАЭО кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пунктінде (Түркістан облысы) Өзбекстан Республикасына жалпы көлемі 42 665 литр мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 128 фактісінің жолы кесілді, есептелген айыппұл сомасы 4,6 млн теңгені құрады.

 

Еліміздің Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттерінде мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 427 фактісі анықталды, жалпы көлемі 32 354 литр, есептелген айыппұл сомасы 11,5 млн теңгені құрады.

 

Осылайша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдары құзыреті шеңберінде тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тыйым салулар мен шектеулердің сақталуына тұрақты негізде тиімді бақылауды жүзеге асырады.

 

Бұдан басқа, Мемлекеттік кірістер комитеті «АСТАНА-1» электрондық декларациялаудың ақпараттық жүйесінде әкетуге тыйым салынған мұнай өнімдерін кедендік декларациялауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста