29 шілдеде БҚО ДП “CyberPol” қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.
Күдікті Орал қалалық ПБ-ға қарасты УҰИ-ға қамауға алынды.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz