Атырау облысында ұлы әкесін ұрып өлтірді
Атырау облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірді. Оқиға Индер ауданындағы Есбол ауылында болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Отбасылық жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Белгілісі 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек, қалада тұрған.
Ал марқұм зейнет жасына қармастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында.
Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
- Индер ауданындағы адам өліміне қатысты қазіргі таңда ҚК 106-бабы 3-бөліімен адамға қасақана дене жарақатын салу нәижесінде адам өліміне әкелген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медицианлық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір -біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкесі мен баласы болып келетіндігі анықталып отыр.