Атырау облысында қайтыс болған 30 адамның атына бюджет қаржысы аударылған

Атырау облысында қайтыс болған 30 адамның атына бюджет қаржысы аударылған

Атырауда қайтыс болған 30 адамның атына бюджет қаржысы заңсыз аударылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын бұзуға қатысты 100-ден астам дерек анықталған.

 

«Прокурорлық қадағалау шараларымен мүгедек адамдардың жеке көмекшілерінің қызметіне тиісті бақылау жүргізілмегені, 69 көмекшінің басқа мекемелерде жұмыс істегені, қайтыс болған 30 адамның атына бюджет қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды.

Бұдан бөлек, Атырау қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізіліп, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін төлем 2,4 айлық есептік көрсеткіштен 5 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілді. Мүгедектігі бар үш адамның жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылды. Оларға қосымша демалыс күндері қамтамасыз етілді», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.

 

Мүгедектердің кедергісіз кіріп-шығуына қатысты талаптарға сәйкес келмейтін әлеуметтік нысандар да анықталып отыр. Осыған байланысты бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда ата-ана қамқорлығынсыз қалған 11 бала үй кезегіне қойылмағанын жазған болатынбыз.

 

Атырау қалалық прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, жергілікті уәкілетті органдардың әрекетсіздігінен жетім және ата-ана қамқорлығына алынбаған 11 бала баспана кезегіне алынбағаны анықталды. Олар балалар үйінен шығарылған кезде заңға сәйкес тұрғын үйсіз қалуы мүмкін. Прокурорлық ден қою шараларынан соң 11 адам тиісті есепке алынды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста