Жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырған астаналық әйел анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ елеграм арнасына сілтеме жасап.
Сарыарқа ауданы әкімдігі мен прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері қала тұрғындарының бірнеше рет шағымдары бойынша рейдтер жүргізді.
Рейд өткізу барысында Сарыарқа ауданының жедел қызметкерлері, жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған 45 жасар әйелді анықтады. 16 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін клиенттерді әйелдермен табыстырған.
Аталған фактіге қатысты жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырғаны және ұстағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен әйелге қатысты "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасы қолданылды.