Ақтөбелік тұрғыннан 15 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды
Ақтөбеде 34 жастағы ер адам жас жігіттен қомақты қаржы бопсалаған. Күдікті ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер кісі оны қорқытып, 15 миллион теңге талап еткен.
Жедел іс-шараларды өткізу барысында арнайы бөлімшенің жауынгерлері мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдікті ретінде 34 жастағы ер адамды анықтады. Ол жәбірленушіден ақшаның бір бөлігін алу кезінде құрықталды.
Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, күдікті 2022 жылдың соңында осындай қылмысы үшін жазасын өтеп шыққан екен.
Ақша бопсалау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігімен (Ірі көлемде бопсалау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды — делінген ведомство мәліметінде.