Ақтөбеде мәслихат депутаты жоқ малға 457 млн теңге субсидия алған
Ақтөбеде жоқ малға заңсыз субсидия алған мәслихат депутаты қамауға алынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ірі көлемде жасалған алаяқтық дерегі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облыстық департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ болған малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ бұл азамат "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған.
Жалпы шығын көлемі – 457 миллион теңге. Қазір бұл азамат ұсталып, оған қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу