Ақтөбеде компания басшысы 1,5 млрд теңге салық төлеуден жалтарған

Экономикалық тергеу департаменті "Ақтөбеэлектросетьстрой" ЖШС директоры Болат Көшкеновті 2015-2017 жылдар аралығында бір миллиард 491 миллион теңге сомасында салық төлемеді деп айыптады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап жазды.
Басылым мәліметінше, компания директоры кінәсін мойындамаған. Айыпталушы мемлекеттік сатып алумен жұмыс істеп, қосалқы мердігерлердің қызметіне жүгінгенін және жалған шот-фактураларды пайдаланбағанын айтқан.
Бірақ, сот Болат Көшкеновті салық төлемегені үшін кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған.
Сондай-ақ, сот оны мемлекетке бір миллиард 491 миллион теңге көлемінде залалды өтеуге міндеттеген.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу