Антикор төрағасының экс-орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотқа түсті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Шымкент сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Мақсат Қожабаев пен Закир Гуламовқа қатысты іс келіп түсті.

 

«Қылмыстық істегі айыптау актісіне сәйкес, 2021 жылдың 5 желтоқсаны мен 2022 жылдың 29 қаңтары аралығында сотталушы М.Қожабаев алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы, лауазымды адам бола тұра өзінің қызмет бабын пайдаланып, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырып, ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көрсетілген әрекеттерді жасаған.

 

Сотталушы З. Гуламов 2021 жылдың 5 желтоқсаны мен 2022 жылдың 29 қаңтары аралығында алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы, лауазымды адам бола тұра өзінің қызмет бабын пайдаланып, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырып, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге азғырып, ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында және 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасаған», - делінген мәліметте.

 

Айта кетейік, 2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болған М.Қожабаевты ұстаған еді.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста