Антикор Алматы және Балқаш қалаларында жылумен жабдықтау саласындағы жемқорлықты анықтады

Антикор Алматы және Балқаш қалаларында жылумен жабдықтау саласындағы жемқорлықты анықтады

Антикор Алматы және Балқаш қалаларын жылумен жабдықтау саласындағы жемқорлықты анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аntikor-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы жылу желілері» ЖШС және «Балқаш жылу» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істерді тергеуде.

 

«АлТС» ЖШС бас директоры мен басқа да қызметкерлері 16 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде (ҚР ҚК 366-бабы).

 

«Балқаш жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері өздерінің карточкалық шоттарына артық жалақы есептеу жолымен 272 миллион теңгеден астам ұрлық жасады деп күдіктелуде (ҚР ҚК 189-бабы). Бұл ретте серіктестіктің жеткізушілер алдында 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға қарызы болған.

 

Екі факт бойынша да күдіктілердің кінәсін толық мойындауына байланысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ.

 

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру аясында неғұрлым проблемалы және жемқорлыққа бейім салаларды анықтауды жалғастыруда. Жылумен жабдықтау ел өңірлеріндегі өткір әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста