Алматыда жоғалған 15 жасар қыз: Мені екі жігіт тар қапаста ұстап, аяусыз зорлады (фото)

Алматыда жоғалған 15 жасар қыз: Мені екі жігіт тар қапаста ұстап, аяусыз зорлады (фото)

Жуырда Алматы қаласында 15 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы отандық БАҚ жарыса жазған еді. Он екі күн бойы туыстары сабылып іздеген Әйгерім Рысбек кеше Алтын Орда маңынан табылды. Осы орайда, NUR.KZ порталының тілшісіне хабарласқан Әйгерімнің туыстары қызының басынан өткен жантүршігерлік жайтты баяндап берді. Оны екі күн бойы тар қапаста болдым деген Әйгерім, портал тілшісіне сұмдық деректерді айтты.

15 жастағы қыз

15 жастағы қыз

23 ақпанда жоғалып кетіп, 12 күннен кейін табылған 15 жастағы Әйгерім Рысбек осы уақытқа дейін қайда болғанын айтты.Айтуынша, оны белгісіз жігіттер зорлап, бірнеше күн бойы тас қараңғы бөлмеде күштеп ұстаған.

Кеше Әйгерім Рысбек табылған соң қалалық ІІД баспасөз хатшысы ресми пікір білдіріп, қыздың Алтын Орда маңынан табылғанын және осы уақыт бойы оның құрбыларының үйінде болғанын жеткізген болатын. Алайда Әйгерімнің өзі мұны жоққа шығарып отыр. Ол бірнеше күн бойы белгісіз ер адамдар оны зорлап, соққыға жыққанын айтуда.

"Мен Назым деген жігітпен В Контакте желісінде таныстым. 23 күні қыздармен сабақтан шықтық. Полежаева көшесіндегі остановкаға бардық. Қыздар кетіп қалды. Сол жерде ана жігітпен кездесітін болдық. Бардым, кездестім, сөйлестік. Сол жақта Нұртас темір деген жер бар, сонда жеткен кезде мені сүйрей бастады. Сол маңда жеңгем тұратын, ол мені көрді де, аң-таң болып қарап қалды. Бірақ үлгермеді. Назым мені қатты сүйреп, машинаға мінгізіп алды. Қайда барамыз деп сұрадым. Әпкеме бара жатырмын деді", - деген Әйгерім, оны бір бөлмелі үйге апарып, ішінен құлыптап алып, зорлағанын айтады.

"Кешкісін Саяхатқа, Мерейдің алдына әкеліп, таксиге салып жіберемін деді. Ол таксистпен ұзақ сөйлесті, ақшасын берді де, мені мінгізіп жіберді, екі жағымда екі бала отырды. Сейфуллинаға жеткен кезде бірінші Алматыға қарай бұрылып кетті. Мені күштеп кола ішкізіп жіберді. Қатты қорқып отырдым. "Аркада" деген кафе бар, соған жеткен кезде мен есімнен танып бара жатқанымды білемін," - деген қыз екі жігіт оны қараңғы, есік-терезесі жоқ бір бөлмеге апарғанын айтады.

Қыздың айтуынша, олар оның соткасын алып, В Koнтакте желісінің паролін де біліп алған.

Алматыда жоғалған 15 жасар қыз: Мені екі жігіт тар қапаста ұстап, аяусыз зорлады (фото)

Алматыда жоғалған 15 жасар қыз: Мені екі жігіт тар қапаста ұстап, аяусыз зорлады (фото)

Бірнеше күн бойы қара нан мен су беріп, зорлағанын айтқан қыз қанша күн өткенін де, тіпті есімді де білмеймін деп отыр. Әйгерімнің сөзінше, олар оның қолын тілгізіп, ұзын шашын кеспек болған. Қолы тілгіленген қыз басымнан ұрғанда есімнен танып қалдым дейді.

Әйгерім болса, өзін ұстап әкеткен жігіттерге В Koнтакте желісінде танысқан Назымның қатысы бар деп отыр. Себебі олар "сені Назымға" апарамыз деп ашық айтқан.

"Маған қолымды кес деді. Мен кеспеймін деп едім, басымнан ұрды. Тұп-тура мына жерімнен. Талып қалдым. Көп күн өтті... Білмеймін, қанша күн өткенін. Көзімді ашсам, бұлдырлап тұрады. Қап-қараңғы бөлме, тек қана су берді. Есікті ашады да қарайды... Жіберетін күннің алдында маған айтты, Алтын Ордаға барасың, сол жерде Назыммен кездесесің деді. Мен Назымды қайдан танисыңдар деп едім, "братишкамыз" деді. Сені көпірден қалдырамыз, екі жағында екеуіміз тұрамыз. Қашып кетсең, өлтіреміз деді. Сол жерде полицейлер келді, де екі қолымнан ұстап әкетті", - деп жарақаттанған басын көрсетті ол.

Сонымен бірге, Әйгерімнің туыстары оны бүгін сараптамадан өткізіп, денсаулығына қатысты медициналық тексеріс жасатқан. Ағасы Жәнібек бұл істі жайдан-жай қалдырмаймын дейді.

Еске салсақ, Алматы қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек:

"Тергеу амалдары аяқталды. Өткен түнде Әйгерім Рысбек Алтын Орда базарының маңынан табылды. Қазіргі таңда Жетісу АІІБ-де сұрақ-жауап алу процесі алынып жатыр. Анықталғандай, қыз бала үйінен өз еркімен кеткен.
Ол құрбыларының үйінде болған. Қазіргі таңда ата-анасынан жауап алынатын болады. Кәмелетке толмаған баласының жүріс-тұрысын қадағалау ата-анасына заңмен жүктелген", - деп, ресми пікір білдірген болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста