Алдын ала мәлімет бойынша, базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушісінің арасында ауызша жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі қарсыласының бетінен атқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Алматы қалалық ПД аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық ПБ ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлайды.
Күдікті полицияға жеткізілді.
Оның атына тіркелген “ИЖ” газ тапаншасы қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді.