Алматыда азғын әке екі қызын жылдар бойы зорлап келген
Алматыда қыздары әкесін бірнеше рет азғындық жасады деп айыптады: ол үлкенін алғаш рет 2015 жылы, кішісін 2020 жылы зорлаған. Осы факті бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қылмыстық істі тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс Алатау аудандық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірден екі бабы бойынша тіркеліп, тексерілуде.
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі ("Зорлау");
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі ("Кәмелетке толмаған балаларды азғындық жолға түсіру").
"Қазіргі уақытта толық, жан-жақты және объективтілік қағидаттарына сәйкес жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұған қоса тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жарияланбады.
Алматыда әкесі бірнеше жыл бойы екі қызын зорлағаны туралы ақпарат Facebook желісіндегі NeMolchiKZ қорының парақшасында жарияланған еді:
"Алғаш рет әкесі кенже қызын (2009 жылы туған) 2020 жылы 21 қыркүйекте зорлаған. Одан кейін тағы екі рет зорлап, бірнеше рет азғындық жасауға әрекеттенген. Үлкен қызын әкесі (2003 жылы туған) 2015 жылы 12 жасында зорлаған. Оған да бірнеше рет азғындық жасаған".
Қордың мәліметінше, анасы барлығын 2023 жылғы 20 қаңтарда полиция бөлімінде кенже қызы "әкесінің зорлық-зомбылығына шыдай алмай, үйден қашып кеткенде" білген, бірақ "оны тауып алып, полицияға алып келген".
"Ол бәрін сол жерде айтып берді, анасын полицияға шақыртты, ол болған жайтты тергеушінің кабинетінде білді... Үлкен әпкесі де оны білмеген, кейін қыздар туған әкесі не істегенін бір-біріне айтып берді", – делінген "НеМолчиKZ" қоры жариялаған хабарламада.
Қордың мәліметінше, полиция қызметкерлері кенже қызды ата-анасынсыз сараптамаға алып барған, ол "қыздық пердеде зерттелмеген ойықтар болғанымен, оның пәк екенін" көрсеткен.
"Қыздардың әкесі 2023 жылы 21 қаңтарда ұсталды, бірақ оны полицейлер тергеу изоляторында емес, сараптаманың қорытындысын алу үшін жасырын пәтерде ұстаған... бір ай ұстап, оны босатып жіберді... Полицейлер қыздар мұны ойдан шығарған деп санап, істі жауып тастады", – делінген "NeMolchiKZ" қорының хабарламасында.
2023 жылғы 28 мамырда Алматы облысының екі тұрғыны әкесі 10 жыл бойы зорлап келгенін мәлімдеді. Қыздарына азғындық жасады деп күдікке ілінген ер адам 29 мамыр күні ұсталды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz