Алматыда әйел 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді

Алматыда әйел 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді

Алматыда 7 жасар қызды өлтірді деген күдікпен өгей шешесі қамауға алынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм болған Карина Закураеваның жақындары 47 жастағы әйелдің жеткіншекті 4 ай бойы сабап келгенін айтады. Ал, туған әкесі оған мүлде араша түспеді дейді.

 

Сөздерінше, соңғы рет үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін, қатыгез әйел қыздың басын қабырғаға ұрған. Қатты соққыдан миына қан құйылып жан тапсырыпты.

 

Қызды бағып-қаққан әжесі мен көршілері енді ұлының да жазаға тартылуын сұрайды.

 

Кішкентай ғана Каринаның денесі бүгін мәйітханадан шығарылды. Тұла бойын көре алмасақ та, бет-ауызында көгерген іздер мен толған жара. Соған қарағанда, азғантай ғана өмірінің соңғы сәттерінде көрген қорлығы жетерлік болған сияқты.

 

Екатерина Закураева, Каринаның туысқан әпкесі:

 

- Карина үлкен дәретін жіберіп қойған. Содан кейін, ол әйел қызды ваннаға кіргізіп, басын қабырғаға ұрған. Басы тесіліп, есінен танған. Сөйтіп, жерге бүкіл салмақпен құлаған. Сосын әкесіне «меніңше өлтіріп қойдым» деп қоңырау шалған. Осыған дейін 4 ай бойы тоқтамай ұрып жүргенін кейіннен білдім.

 

Қайғылы оқиға осыдан 3 күн бұрын Си-Синхая көшесіндегі болған. Каринаның әкесі бұл жерге қыркүйек айында көшіп келген. Жанағы әйелмен бірге соның үйінде 6 ай тұрып, 7 жасар қызын наурызда әкеледі. Жеткіншек сол уақыттан бастап таяқ жеген дейді.

 

Ең сорақысы, өгей шешесімен қоса, туған әкесінің де ұрып жүргенін көршілер көріпті.

 

Ольга Берникова, Көршісі:

 

- Менің балконымнан олардың терезесі көрінетін. Әкесі кішкентай қызға белбеумен ұмтылды. Содан кейін, Балжан деген әйел жеткіншектің мойнынан ұстап, бөлмеге лақтырып жіберді. Байқұс қыз ұшып кетті. Кейін мен кішкентай Каринаны ауладан көрдім. Жақындап, үңіліп қарасам, қабағы жарылып, қолдары кесілген, мойнында ересек адамның алақанының ізі тұрды. Өзінен не болды деп сұрасам «ауладағы бала қылқындырды» деп айтады.

 

Айтуларынша, Каринаның әкесі ішімдікке жақын болған. Қыз бірінші әйелінен. 10 айлығына жеткенде туған шешесі қашып кетіпті. Содан бері хабар жоқ. Анасыз қалған нәрестені әжесі қолына алып, 7 жасына дейін баққан. Алайда, осыдан 4 ай бұрын әкесі инспекторлармен келіп, қызын алып кетті дейді.

 

Елена Закураева, Каринаның әжесі:

 

- Өгей шешесі 4 ай бойы ұрып жүрген. Ал, әкесі оған мүлде мән бермеген. Өзі де ұрыпты. Олар менен немеремді тығып жүрді. Мен полицейлерге арыз жазғанмын. Бірақ, ешкім қабылдамады. Прокуратураға да бардым. Түк шықпады.

 

Сөйтсе, қыздың әкесі Елена Закураеваның туған баласы да емес екен. Оны да 2 айлығынан асырап алыпты. Қазір ол жалдамалы жұмысшы. Нақтырақ сантехник, электрик. Қандай себеппен қызы үшін араша түспегенін өзінен де сұрадық. Бірақ, мардымды жауап ала алмадық. Тек, ұрмадым-соқпадым деп отыр.

 

Бәкен Закураев, Каринаның әкесі:

 

- Аулада жұмыс істеп жүрген кезде ол маған хабарласып, қызды өлтіріп қойған сияқтымын деді. Үйге келіп, дәрігерлерді шақырдық. Негізі азаматтық некедегі әйелім қызымды жиі ұратын. Мен жұмысқа кеткен кезде қызым үлкен дәретін жіберіп қойса ұратын. Бірнеше рет қызым екеуіміз далада да түнегенбіз. Өзінен «не үшін ұрасың» деп сұрасам «енді тиіспеймін» деп айтатын.

 

Көп ұзамай полицейлер 76-шы жылы туған әйелді құрықтаған. Оған қатысты адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалды.

 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

 

- Алматы қалалық полиция Департаменті, Бостандық аудандық полиция Басқармасымен қылмыстық іс ҚР ҚКнің 99-бабы 3-бөлігімен тергеліп жатқанын хабарлайды. Күдікті – 1976 жылы туған Т.есімді азаматша ұсталды және қамауға алынды.Тергеу жалғасып жатыр.

 

Ақпен қараға заңда жазылғандай жас баланы өлтіргені үшін күдікті кемі 20 жыл немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тоқ етерін сот шешеді. Не де болса, марқұм болған Каринаның жақындары оның қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста