Алматы облысында ер адам төркініне барған әйелін атып тастады
Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының Ақбастау ауылында ер адам әйелін атып өлтірді, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы құқық қорғаушы, "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Смайылова жазған. Бұл оқиға 19 қарашада болған.
Әйел жолдың келесі жағында тұратын анасының үйіне кеткен. Күйеуі артынан барып, сол жерде оқ атқан.
Екеуінің үш баласы бар. Күдіктіні полицияға ұстап берді. Ол жақта барлығында қару бар. Бірақ бұл туралы айтылмайды. Қаншама кісі өлімі тіркелген. Дегенмен, кешегі жағдай жұртты дүр сілкіндірді, — дейді Дина Смайылова.
Ішкі істер министрлігі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Полиция бөлімінің тергеушілері адамды қасақана өлтірген 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады. Сол күні күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы — күдіктіге тиесілі аңшылық атыс қаруы тәркіленді, — делінген ІІМ хабарламасында.
Бұған дейін дәл осыған ұқсас жағдай Қызылордада болған.