Алматы облысында екі адамды өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр

Алматы облысында екі адамды өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр

Тәжікстан Республикасының азаматы Алматы облысында екі адамды өлтірді деген күдікке ілінді. Полиция Хуршед Рашитовқа іздеу жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылдың 2 маусымында сағат 00:50 шамасында Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Ол үйіне келгенде, бірнеше пышақ жарақаты бар екі ер адамның мәйіті үстінен түскенін айтқан.

 

Полиция күдіктіге қатысты бағыт-бағар жариялады:

 

Хуршед Абдухалилұлы Рашитов 1980 жылы туған, Тәжікстан Республикасының азаматы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Суерлі көшесі, № 48 "А" үй мекенжайында уақытша тұрады.

 

Сипаттамасы: арық денелі, бойы - 170-175 см., беті сопақша, қысқа қара шашты, төбесі таз, көздері қоңыр, қасы қалың, қыр мұрынды, ерні жұқа. Ерекше белгілері:соқырішекке жасалған ота орнында тыртық және арқасында жараның орны бар.

 

Үстіндегі киімі: қара қалпақ, көк жейде, көк джинсы шалбар, қара сандал.

 

"Осы факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі, 1-тармағының көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне сай жеткілікті деректерді ескере отырып, №231952031002129 СДТБТ-да тіркелген іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды".

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста