Аяжан Еділованы соңғы рет көрген құрбылары сұқбат берді

Алматыда жантүршігерлік жағдайда қайтыс болды деген Аяжан Еділоваға қатысты және оны өлтірді деген күдіктіге қатысты жаңа деректер пайда болды. Марқұмның құрбылары мен бірге оқыған курстастары мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 

Алматы облысында дүниеге келген Аяжан Еділова 2017 жылы «Сымбат» сән академиясына оқуға түсіп, биыл қаңтардың соңына дейін оқу орнының жатақханасында тұрып келген. Дизайн және технология мамандығына түскен студент мамандығы бойынша киім дизайнымен әуестеніп, жұмысын Instagram желісіндегі парақшасына салып отырған. Сондай-ақ қаладағы «NailStudio» сән салонында қосымша жұмыс істеп, маникюр және педикюр (әйелдердің тырнағын бояу – авт.) жасаған. 

 

Жас қыз биыл 11 ақпанда қаладағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің жатақханасына (Янтарная көшесі, 15) көшіп келген. Соңғы бір айда осы жерде Мөлдір есімді қызбен бір бөлмені жалдап тұрған. Университет әкімшілігіне айына 20 мың теңге төлеуге келіскен. Марқұмның бөлмелес көршісі оның 19 наурыз күні әдеттегідей жұмысқа кеткенін айтты.

 

Ал, Аяжанмен бірге 1 курстан бері бірге оқыған Баян Балтабай есімді қыз да осы жатақханада тұратын болып шықты. Ол қазір сабақ онлайн режимде болғандықтан, сирек кездесетінін айтады. Аяжанды құрбысы соңғы рет 10 наурызда көргенін есіне түсірді. Бөлмелерінде бірге тамақ жасап ішіп, өзара әңгімелесіп тарқасқанын айтады. 

 

 

«Ол қатты жұмысбасты болды. Оның «Аяла» деген киім линиясы болды. Оны Instagram-да жарнамалап жүрді. Одан бөлек, тырнақ әрлеп ақша тауып жүрді. Өз киімін өзі алатын, әке-шешесінен артық ақша сұрамайтын. «Өз мақсатыма өзім жетемін» деп жүрген қыз еді. Біз осы жақтан орын табылған соң (жатақханаға) көшіп келдік. Ол да жақында осында келіп тұра бастады», - дейді Баян Балтабай.

 

Аяжанның түрік тілін үйреткен ұстазы Әйгерім Үсенованың айтуынша, марқұм айналасындағылармен тез тіл табысатын ашық-жарқын қыз болған. Ол Аяжанмен кір жуатын бөлмеде танысып қалып, оған шет тілін үйретуге келісім берген. Медицина унисерситетінің жатақханасында тұратын мұғалім Аяжанға түрік тілін үйрету үшін 14 наурызда бөлмесінде кездескен. Сол күні өмірлік жоспары туралы айтып, алдағы жексенбіде келесі сабаққа келуге уәде берген. Алайда сол жексенбіде, яғни 21 наурызда полиция оның мәйіті табылғанын хабарлады.

 

 

Кеше әлеуметтік желіде өрімдей қызды айуандықпен өлтірді деп айыпталған күдіктінің аты-жөні мен фотосуреті тарады. Күдіктінің есімі - Рахманберді Төребеков Тілләбайұлы. Ол 1993 жылы 11 сәуірде Түркістан облысында туған. Аяжан Еділова онымен Badoo деп аталатын сайтта танысып, 16 наурыз бен 19 наурыз арасында сөйлескен деген ақпарат бар. Нұркент шағынауданы 5-ші үй 6-шы корпуста тұратын бейтаныс адаммен қандай мақсатта кездесуге барғаны туралы тергеу құпиялығына байланысты айтылмайды. Оның нақты себебі сот барысында белгілі болмақ.  

 

Кеше ғана ауруханадан уақытша оқшаулау изоляторына ауыстырылған күдікті туралы ақпараттар жинап көрдік. Р. Төребеков қыздың бөлшектенген мүрдесін Алатау ауданындағы үйіне такси шақырып, Бостандық ауданындағы Ә. Кекілбайұлы көшесінде орналасқан қоқыс контейнеріне және кейбір бөлшектерін Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінің ауласына апарып тастаған. Қалғанын пәтердегі тоңазытқышта ұстаған деген мәліметтер бар.

 

Өзін Олжас деп таныстарған көршісі күдіктіні сирек көретінін айтты. Күдікті 2011 жылы мектеп бітірген соң, Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық универсиетіне оқуға түскен. Көп ұзамай Шымкенттегі медицина унисерситетіне ауысып, үлгерімі нашар болғаны үшін оқудан шығарылған. Ол 2020 жылдың қыркүйек айына дейін Алматыда алкоголь өнімдері мен сусындар сататын компанияда аудитор болып жұмыс істеген. Ал, қылмыс жасалған пәтер оның ағасына тиеселі болып шықты. Көршілерінің айтуынша, оның ағасы қазір отбасымен бірге Белгияда тұрады. Бұл пәтерді мемлекеттік бағдарламамен сатып алған. Рахманберді Төребеков былтыр жылдың басынан бері, яғни карантин күшейтілгеннен бері осы пәтерде жалғыз тұрып келген.

 

Біз күдіктінің психологиялық картинасын жасап беру үшін мамандарға жүгіндік. ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психиатры Айгүл Әбетова бұл адамның ішкі жан-дүниесін сыртқа ашып көрсетпейтін тұлға екенін және сырын барынша ішінде ұстайтын адам екенін, ондайларды психология тілінде «ішкі аутизм» деп атайтынын айтты. Ол туа біткен мінезден болуы мүмкін және уақыт өте келе пайда болуы да мүмкін. Екінші себеп - сана-сезімін жоғалтқан жағдайда өз әрекетіне есеп бермеуден туындайтын жағдайға ұқсас. Ол қылмысын аффект жағдайында жасаған соң, есін жиып, не істегені есіне түсіп, өкінген болуы мүмкін. Сол сәтте ол өзіне қол салуға ұмтылған деген болжамын айтты.

 

 

Дәрігер күдіктінің қай әрекеті болса да ақтауға жатпайтынын, егер науқас болса, өмір бақи емдеуге жіберіліп немесе өмір бойына соттау жазасы кесілуі мүмкін екенін айтады.

 

«Бұл бірден жасалатын қылмыс емес. Ішкі дүниесін сыртқа аша бермейтін адамдар болады. Оларды біз ішкі аутизм дейміз. Олар ішіндегісін ешкімге айтпайды, сырын бөліспейді. Ондай адамдардың ойына «осы қоғамдағы кейбір ұнамайтын дүниелерді қоғам қорғамай жатыр, оны заң жүзінде қудалап жатқан жоқ, мен өзімше соны шешемін» деген әрекет болуы мүмкін. Сол әрекет нәтижесінде ол баяғыдан келе жатқан самосуд, ленчевание деген нәрселерді, яғни қоғамға өздерінше өзгеріс енгізуге талпынған ойдан болуы мүмкін», - дейді психиатр А.Әбетова. 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста