Ақтөбе облысында шекарадан қысқа хабарлама таратуға арналған құрылғы мен 600-ден аса sim-картаны заңсыз жолмен алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, «Әлімбет» автокөліктік өткізу пунктінде Ресей азаматының «Ауди» автокөлігін тінту жұмыстары жүргізілген.
«Тексеру кезінде қысқа хабарламаларды жалпылап таратуға, қабылдауға және белсендіруге арналған бағдарламалық-ақпараттық «Sim-box» кешені және 600-ден аса түрлі қазақстандық мобильді байланыс операторларының sim-карталары табылды», – делінген ақпаратта.