Тылдағы ерлік соғыстағы ерліктен кем болған жоқ

Тылдағы ерлік соғыстағы ерліктен кем болған жоқ

Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеу басталғаны көпшілікке аян.  Бұл тұрғыда материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Қазақстанға бірнеше кәсіпорын, зауыт, фабрикалар көшіп келе бастады.
Мәселен, өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру жұмыстары бір емес, екі мәрте жүргізілді. Оның бірін­шісі 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы болса, екін­ші көшіру жұмыстары  1942 жылдың күзінде жал­ғасын тапты. Елімізге көші­рілген кәсіпорындар Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Беларусь елде­рінен әкелінді. Мамандар негізінен, 1941 жылдың екін­ші жартысында республикаға барлығы 142 кәсіп­орын көшіріп әкелін­ге­нін,  тек Алматының өзінде 34 зауыттың, фа­брика мен цех жабдықтары орна­лас­тырылғанын сөз етеді.  Олардың ішінде Луганск пара­воз жасау зауытының бір бөлігі, Харьков вагон жөндеу зауыты және басқалар бар. Сондай-ақ жеңіл және 14 тоқыма өнеркәсіп орнының жабдықтары келген. Бұған қоса  Украинадан әкелінген үш фабрика негізінде Семей аяқкиім фа­бри­касы құрылған. Көптеген кәсіп­орын қор­ғаныс өнімдерін шығара бастады. Өс­кемен қорғасын-мырыш комбинаты, Қа­рағанды көмір шахталары сияқты со­ғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіптер құрылыстарын салып аяқтады.
Ірі құрылыстар екі еселенді
Басымдық беріп айтар тұсы; соғыс қорғаныс саласының негізін нығайтуға сеп болды. 1941 жылы елдегі осы салаға қатысты құрылыс орындарын екі еселеуге тура келеді. Осы мақсатта Балқаш пен Жезқазған қалаларына үлкен міндет артылып, мыс қорының ауқымдылығына қарап, осы  екі қалада мыс қорыту зауыт­тары ашылды. Балқаш мыс қорыту зауыты салынып, бұл нысан әскери маңызы бар өнеркәсіп орны саналды. Бұдан соң Текелідегі қорғасын-мыс ком­бинатының бірінші кезегі жұмысын бастап, Өскемен мыс зауыты іске қосылды.
Сапабек ӘСІПҰЛЫ, жазушы-ғалым:
– Ол жылдары рес­публи­када қара ме­тал­лургия, мұнай өңдеу өнеркәсібі қалып­тасты. Жезқазғанда қағаз өнеркәсібі да­мыды. Сондай-ақ Жезқазған қаласы жа­рыл­ғыш заттар, сұйық шыны, карбид өнді­рісін, күрделі қосалқы бөлшектер мен жабдық шығаруды игерді, руда шығару үш есе өсті. 1944 жылы Теміртауда (ол кездері Самарқан аталатын) Қазақ металлургия зауыты іске қосылып, Қазақстанда тұңғыш болат балқытылды. Өскеменде қорғасын зауыттары, машина жасау кәсіпорындары іске қосылды. Семейде тоқыма өндірісі сер­пін алып, осы елде аяқкиім шығару өнер­кәсібі белең алды. Көшіріп әкелінген 54 зауыт пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Ал бұлардың басым бөлігі кейін соғыс­тан соң да өз ісін әрмен қарай жалғас­ты­рып, Кеңес Одағына өзіндік табыс түсір­ді.  Республикада аяқкиім саласының қуаты – 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті. Қазақстан өнеркәсібінде 1940 жы­лы 158 мың адам жұмыс істе­се, 1945 жы­лы 255 мың  жұмыс­шыға  дейін жетті. 1943 жы­лы қорғаныс­тық маңызы бар он­даған кәсіпо­рын­ іске қосыл­ды, бұрын­нан жұмыс  істеп тұрған кәсіпо­рын­дар өнім өндіруді арт­­тыр­ды. Жалпы, соғыс кезінде ірі құры­лысты екі еселеуге тура келді. Бұл соғыс өнер­кәсіптік базамызды қалыптас­тыра алды.

Фармацевтика өнеркәсібіне салмақ түсті 
Сондай-ақ соғыс кезіндегі өзіндік сал­мағы басым салалардың бірі дәрі-дәрмек өндірісі болды. Ғалымдар бұл салаға ол жылдары айырықша салмақ түскенін, дәрі-дәрмек тапшылығы орын алып, медби­ке­лерді арнайы даярлықтан өткізу істері те­рең­дегенін алға тартуда. Деректерге жү­гін­сек, ол жылдары жалпы бөлшек сауда жүйесінде дәрі-дәрмектер 7-15 есеге азая түсті, ал нарықтағы баға 10-15 есеге  көте­рілді. Бұл ретте химия ғылымының докто­ры, профессор Хакім Суербаев:
– Соғыс кезеңінде фармацевтика өнер­кәсібіне енген жаңалықтың бірі: Шым­кент дәрі-дәрмек жа­сау за­уыты шөптен дәрі жа­са­уды игерді. Бұл, бір жағынан, дәрі-дәр­мектің тапшылығынан туындаған жайт бол­са, екінші бір тиімді тұсы, сол шөптен жа­салған дәрі-дәрмектер  майданда да, тыл­да да халыққа оң әсерін берді. Май­дан­герлерді дәрі-дәрмекпен қамтудағы қазақстандық тараптан қосылған үлестің, расымен де, өзіндік орны болды. Сол кездердің өзінде біздің еліміз майдан даласына дәрі-дәрмек жеткізуде үздік он­дық­тан көрінді. Мұның өзі – сондай қиын-қыстау кезеңде өзіндік базамыз бол­ған­дығының айқын дәлелі, – деді.
Көмір өнеркәсібі құлаш жайды
Бұл жылдары аса маңызды өнеркәсіп­тік база болған Қарағанды облысына үл­кен маңыз берілді. Кеніштердегі жұмыс қолы­ның жетіспегеніне қарамастан, он­да­ғы еңбек қайнап жатты. Бұл ретте маман­дар: «Соғысқа аттанған кеншілердің лава­да­­ғы орнын әкелері, ұлдары мен қыздары басты. Зейнеткерлер забойға қайтып оралды, шахтада жұмыс істеуді жастар мен әйелдер жедел үйрене бастады», – дейді.
Жалпы, ол жылдары шах­та­лар құры­лысын тез­де­ту кен шығару­дың шап­шаңда­тылған әдістері есебінен жүзе­ге асы­рыл­ған. Со­ның нәти­жесінде соғыс­тың алғашқы бір жа­рым жы­лын­да 12 жаңа шах­та іске қосылыпты. Міне, осыдан соң 1942 жылы майданға Қараған­ды көмірін ти­еу ту­ралы шешім қабыл­да­нып, көмір та­су үшін Орал мен Сібір жол­да­рын­да қосым­ша 200 ай­нал­ма бағыт ашылып, Томск, Ом­бы, Қара­ған­ды, Оңтүстік Орал, Пермь, Орын­бор, Пен­­за, Оңтүстік-Шығыс, Ря­зань-Орал, Қа­зан – Түркістан – Сібір жол­да­ры басқар­ма­ла­рын­­да көмір мен кокс ти­ел­ген по­йыз­дарды ба­қылап оты­ратын ар­найы дис­­пет­черлік топ құру міндет­телген.  Әске­ри ша­ру­ашы­лық жос­парға сәй­кес, Еділ бойы, Ба­тыс Сібір, Қазақстан мен Ор­та Азия аудан­да­рын­да қара және түсті ме­тал­лурги­яны, отын-энер­ге­тика­лық өнеркәсіпті, теміржол  көлігін же­дел да­мыту қолға алын­ды. Сөй­тіп, осындай жолмен Қазақ­стан­ның көмірі май­дан даласына жол тарта бастады. «Қа­зақстан көмір өндіруде 1940 жылға қара­ған­да 1942 жылы 68 пайызға асып түсті» деседі мамандар. 
Мұнай өнеркәсібіне маңыз берілді 
Ол жылдары Ембіде мұнай көздерін бар­лап өндіру це­хының құры­лыс­та­рын са­лу белгіленді. Атырау мұнайын өндіру сол кезде-ақ құрылған Жайық – Ембі ауданы­ның мұнай кәсіпшілік басқармасына табыс етілді. Тек Ұлы Отан соғысы жылдарында 15 жаңа кеніш ашылып, Мақат – Комсомол – Қош­қар – Сағыз мұнай құбыры төселіпті. Сол бір қиын-қыстау кезеңде мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде талай-талай рекорд жа­са­лып, небір озық технологиялар енгі­зіле бас­та­ды.
Жұмаділ БАЙҒҰНШЕКОВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Соғыс жылдары мұнай өнеркәсібінде сұйықтықты жеделдетіп сору, қосымша арттыру арқылы мұнай көзін алу, аз өнім беретін қабатты атқылау, бірнеше мұнай қа­батынан бір ұңғымамен өнім алу, пайда­ла­нуға қалған ұңғымалардан мұнайды қау­ғалап алу әрекеттері қолданылады. Осын­дай ішкі мүмкіншіліктерді пайдалану ар­қылы соғыс жылдарында 200 мың тонна қо­сымша мұнай алынды. Соғыс ауыртп­а­лы­ғын бұрғышылар да асқан ұйымшыл­дық­пен жеңе білді.

Түйін
Жалпы, соғыс жылдары саланың қай-қайсысында болсын жасөспірімдер мен әйелдердің жұмыс қолы пайдаланылды. Бір басымдық берер тұсы: халық ашқұрсақ жүріп те майданға қызмет етті. Азық-түліктің қаттығынан ха­лықты нан және басқа аса маңыз­ды азық-түлікпен жаб­дықтауға кар­точка жүйесі енгізілді. Десе де, Қазақстан сол бір қиын-қыстау жылдары өзіндік өнеркәсіптік базасы қалыптасқан тегеурінді елдердің сапынан табыла білді. Бір сөзбен айтқанда, қанды соғыс жылдарында қазақтың өнеркәсібі бәсекеге бәс тіге алып, майдан даласына өз қажетінше көмек қолын соза алды.  Бұл ретте мамандарымыз «еңбек күші мен ұйымдастыру ісінің біртұтастығы халқымызды отансүйгіштікке, жеңісті күндерге жетеледі» деседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста