Жеке сот орындаушысы

Жеке сот орындаушысы

Сот жүйесіне жүргізілген реформа негізінде 2010 жылдың 2 сәуірінде «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталмыш заңға сәйкес атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi және сот орындаушыларының міндеті мен құқықтары айқындалды.

 

Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi мен атқарушылық құжаттардың тiзбесi осы заңда нақтыланған. Заңның 2 бабында, «Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi түрде және уақтылы қолдану болып табылады» деп көрсетілген.

 

2009 жылыдың тамыз айында Елбасы мемлекеттік сот саласына жеке сот орындаушылары институтын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында да жеке сот орындаушылары институтын енгізу туралы айтылды. Онда «Сот ісін жүргізудің аяқтау сатысы сот актілерін орындау болып табылады, сондықтан олардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы қажет. Осыған байланысты мемлекеттік сот орындалуымен қатар жеке сот орындаушыларының институтын енгізу – сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыратын маңызды шара. Сот шешімдерін орындаудың аралас моделі шеңберінде мемлекеттік сот орындаушылары мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі құжаттарды мәжбүрлеп орындату құқығына ие болуға тиіс», - делінген. Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасында бұл мәселеге айрықша тоқталды. Ұлт жоспарында құқық тәртібі және заңдылық мәселесіне ерекше назар аударылды. Аталмыш бағдарламада Елбасы «Екінші реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде» деп атап көрсетті.

 

Әрине сот жүйесіне жасалған реформа, соған сәйкес қабылданған заңдар, бағдарламалар мен ережелер жеке сот орындаушыларының тиімді жұмыс істеуіне жол ашты.

 

2011 жылдан бастап жеке сот орындаушылары пайда бола бастады. Алайда алғашқы жалдары жеке сот орындаушыларының құзырына берілген  соттардың қызмет көрсету, талап ету туралы құжаттарының саны мардымсыз болды. Бұл өз кезегінде жеке сот орындаушылардың жұмысының жандануына, табыс табуына кері әсерін тигізді. Материалдық-техникалық базаның мардымсыз болуы жеке сот орындаушылар жұмысының қарыштап алға басуына тосқауыл болды. Соның салдарынан алғашқы жылдары жеке сот орындаушылардың жұмысына сын айтушылар да көп болды.

 

«Көш жүре түзеледі» демекші 2016 жылдан бастап соттардың қызмет көрсету, талап ету туралы құжаттарының басым бөлігі жеке сот орындаушыларының құзырына берілді. Сол сәттен бастап жеке сот орындаушылары қызметіне жүгінушілер саны күрт арта бастады.

 

Жеке сот орындаушылары қызметіне жүгінушілер саны арту сала жұмысын жандандыра түсті. Өйткені жеке сот орындаушылары материалдық-техникалық базасы, жалақысы атқарылған жұмыстарына тікелей байланысты болды. Себебі, жеке сот орындаушыларына мемлекет есебінен жалақы төленбейді. Олар өзін-өзі қаржыландырады. Яғни, олар мемлекет пайдасына қайтарылған қаржының бір пайызын алып отырады. Ал, алимент және төленбеген жалақыны өндіріп алу секілді мәселелер орындалған жағдайда оларға сыйақы төленеді. Әрине, бұл жеке сот орындаушыларын жұмысты заң шеңбрінде жедел атқаруға ынталандырады.

 

Жеке сот орындаушылары институты өзінің тиімділігін көрсетті. Біріншіден, ол мемлекеттік сот орындаушыларының жұмысын жеңілдетті. Өйткені жеке сот орындаушылары пайда болғанға дейін мемлекеттік сот орындаушыларының жүктемесі өте көп болып, сот қаулылары уақытында орындалмай, сот орындаушыларының жұмысына шағымданушылар да көп болды. Екіншіден, аталмыш институт мемлекеттік сот орындаушылары мен жеке сот орындаушылары арасында бәсекелестік тудырып, жалпы сот орындаушылары жұмысына оң серпін берді. Және бұл мемлекет үшін де тиімді екенін көрсетті.

 

Бұл жүйе мемлекеттік сот орындаушылары мен жеке сот орныдаушылары арасында ғана емес, жеке сот орындаушылары арасында өзара бәсекелестікті де арттырды. Өйткені, арызданушылар атрапынан өз ісіне пысық, жұмысын тез және тиянақы орындайтын, заң жағынан білікті маманға әркез сұраныс көп болатыны анық. Ал сұранысқа ие маманның табысы да көп болатыны, айтпаса да түсінікті. Бұл өз кезегінде жеке сот орындаушын істі заң шеңберінде жылдам және сапалы атқаруға ынталандырады.

 

Десе де, сот орындаушыларының жұмысына шағымданушылар да табылып жатады. Кей жағдайда арызданушылар «біздің бар талабымызды орындамады» деп шағымданып жатады. Алайда жеке сот орындаушылары заң шеңберінде ғана жұмыс атқаратынын ескеруіміз қажет. Жеке сот орындаушылары атқарып отырған әрбір іс мемлекет бақылауында болады. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жеке сот орындаушысының құқықтары мен міндеттіері айқындалған. Егер жеке сот орындаушысы өкілеттігін асыра пайдаланса немесе заңсыз әрекетке барса, лицензиясы уақытша қайтарылды немес лицензиясы қайтарылып, жұмысы тоқтатылады. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның шешімімен оның аумақтық органдарының, Республикалық палатаның немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ұсынуы негізінде жүзеге асырылады.

 

Кім жеке сот орындаушысы бола алады?

 

Заңның 142-бабының 5-т. сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар; судьялар, (өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда), судья болып жұмыс істеген адамдар, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, прокурор, тергеуші лауазымында немесе жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын не қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ететін лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар, кемінде екі жыл атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында жұмыс істеген адамдар (теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдарды қоспағанда), мамандандырылған магистратурада оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, құқық қорғау немесе арнаулы органдарда жұмыс істеген адамдар, өтілі болған кезде тағылымдамадан және аттестаттаудан өтпей жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.

     

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста