Жаңа міндеттер – жаңашылдық бастауы

Жаңа міндеттер – жаңашылдық  бастауы

ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов ел судьяларына жаңа міндеттер мен маңызды жауапкершіліктер жүктеп отыр. Соңғы көрсеткіштер сот саласындағы оңды өзгерістердің орын алып жатқанын айқындайды. Бүгінде бұл салада атқарылып жатқан игілікті істер көп.

Халық қызметінде жүрген кез келген мемлекеттік қызметкер ең алдымен ісінің халық игілігі үшін атқарылып жатқанын сезінеді. Бұл жауапкершілік әрбір судьяны әділетті шешім шығаруға, қолжетімді және ашық болуға үндейді. Панфилов аудандық соты халық алдындағы осы миссиясын адал атқарып келеді. Панфилов аудандық сотында үлкен ізденістер мен жаңа бетбұрыстар орын алуда. Елдің кемел, рухани жаңғырған мемлекетке айналуы үшін халқының жан-жақты сауатты, білімді болғаны маңызды. Панфилов аудандық сотында халықтың заңдық тұрғыда сауаттануына, қарапайым көпшілік өз құқығын білу мүмкіндігін меңгеруіне жағдай жасалған. Сот ашықтығы мен қолжетімділігі осы жолда жасалған ұтымды қадамдардың бірі. Қазір кез келген азамат өз құқығын ҚР Заңдары шеңберінде қорғай алады. ҚР Заңдарының сауатты, түсінікті тілде жазылуы да тиісті орындар тарапынан атқарылып отырған игілікті шаруаның бірі.

Сот саласында жаңалық жетерлік. Бұған дейін қарапайым көпшілік сот шешімдерінің, үкімдердің тілінің түсініксіздігіне шағынып келсе соңғы жылдары бұндай түсініспеушіліктер азайды. Себебі, судьялардың сауаттылығын арттыру, сот шешімдерінің ұғынықтылығын талап ету өз нәтижесін бере бастады. Қазір кез келген судья өзінің әрбір ісіне, әрбір шешіміне, алдына келген кез келген құжатқа үлкен жауапкершілікпен қарайды. Біз судьялар 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аудандық, қалалық судьяларға қойылатын жаңа нормативтік талаптар күшіне енетінінен хабардармыз. Жоғарғы сот төрағасы қарапайым көпшіліктің жергілікті сот үкімімен келіспей жоғарғы жаққа шағынатынын шешімдер мен үкімдер тілінің түсініксіздігінде екендігін айтқан-ды. Сондай-ақ, төрағаның ойынша, сот шешімі мазмұны бойынша оңай, жеңіл, түсінікті тілмен жазылуы тиіс. Арыз иесінің әр наразылығын нөмірлеп, сот шешімінде оларға жауап беру де міндеттелген. «Сонымен қатар біздің заң терминдеріміз көп. Неше түрлі кәсіби терминдер бар. Оны қарапайым адам түсіне бермейді. Бірақ оны сот шешімінде пайдалануға міндеттіміз. Бірақ, оны пайдалану барысында қарапайым тілге аудару талап етіледі», — деген болатын Ж.Асанов. Төрағаның судьялар сауаттылығына қатысты талабы қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істі болсын қарайтын кез келген судьяға тікелей қатысты.

ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов ұсынған «Сот жүйесінің 7 тасы» жобасы да сот ісін жүргізуді толық цифрландыру, судьялардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың сот жүйесіне деген сенімін жетілдіру деңгейін айқындайтын жеті стратегиялық бағыттың маңыздылығын артыратыны сөзсіз. Сондай-ақ, әрбір судья сыбайлас жемқорлықтан арылу үшін, біріншіден сананы өзгерту керектігі де жиі айтылады. Сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту мен судьялардың кәсіби деңгейін арттыру бағытында атқарылуы тиіс жұмыстар жетерлік. Ендеше, елдегі судьялар корпусын тек қана жаңа белестер күтіп тұр. Алдағы келелі міндеттер ел судьяларына үлкен жауапкершілік пен зор міндет жүктеді. Ал, бұл үдеден шығу ашықтық пен қолжетімділіктің кепілі.

Эльмира Асубаева,

Панфилов аудандық сотының судьясы,

Алматы облысы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста