Судья мәртебесі және сот әдебі

Судья мәртебесі және сот әдебі

Судья мәртебесі Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы конституциялық заңымен бекітілген. Заңға сәйкес, Қазақстанда сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асыра алады. Сот өкілеттігі ешбір басқа органға берілмейді. Сотқа түскен өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай орган қарауына ала алмайды немесе бақылауға алуына болмайды.

 

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады. Сот жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сондай-ақ ел Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

 

1994 жылы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құқықтық реформа бағдарламасы туралы» қаулы қабылданды. Қаулыда судьялардың дербестігі мен тәуелсіздігіне кепілдік берілді. Сот тәуелсіздігі заманауи реформаларға сай қамтамасыз етілді. 1995 жылы қабылданған Конституцияға сәйкес жергілікті жердегі соттарды Президент тағайындайтын болды. Бұл сотты жергілікті жерлердегі әкімшілік ықпалдан қорғап, судьялардың тәуелсіз іс жүргізуіне жол ашты.

 

Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз. Сдьяның сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне ешкім араласа алмайды. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сотқа немесе судьяға құрметсіздік көрсеткен тұлға заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Сондықтан да судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.

 

Судьяға соттан тыс өзге де функциялар мен мiндеттер жүктелмейді. Судьяны мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгiзуге болмайды.

 

Судьялар, олардың отбасы мүшелерi мен мүлкi мемлекеттiң қорғауында болады. Тиiстi өтiнiш түскен жағдайды iшкi iстер органдары судья мен оның отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етеді. Егер де судьяға және оның мүлкiне зиян келтiрiлсе, шығын республикалық бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.

 

Судьяларды баспанамен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Қызметi бойынша бір өңірден екінші өңірге көшкен кезде судьяларға және олардың отбасы мүшелерiне көшуге байланысты жұмсалған шығыны өтеледi.

 

Судья жыл сайынғы демалысына шыққан кезде сауығуы үшiн лауазымдық екi айлықақы мөлшерiнде жәрдемақы төленеді.

 

Судья қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапса, салдарынан судья өкiлеттiгiн тоқтатқаннан кейiн бiр жылдың iшiнде соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi. Ал мертiккен жағдайда: 1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық лауазымдық айлықақы; 2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық лауазымдық айлықақы; 3) III топтағы мүгедекке - алты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

 

Заңға сәйкес, судья лауазымында 65 жасқа дейін қызмет атқара алады. Айрықша жағдайларда, судья лауазымында одан әрі бес жылдан аспайтын мерзімге қызметін жалғастуруға Жоғары Сот Кеңесінің келісімімен Жоғарғы Соттың Төрағасы рұқсат етеді.

 

 Кемiнде жиырма жыл мінсіз судьялық жұмыс өтiлi бар судья отставкаға шыққанда судья атағы, жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгi, материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерi сақталады. Отставкаға шыққанда жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi. Отставкаға шыққан судьяға судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының елу пайызы мөлшерінде салық салынбайтын өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төленеді. Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

Аталмыш заңда судьялардың жауапкершілігі де қарастырылған. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа кезде, судьяны қамауға, оған қатысты әкімшілік жаза қолдануға, қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін тек Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен жүзеге асады.

 

Сот әдебі

 

Сот жүйесін реформалау барысында сот билігін жүзеге асырушылардың беделді және кәсіби корпусын қалыптастыру мақсатында судьялардың конституциялық-құқықтық статусы да өзгерді. Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру барысында Судья әдебінің жаңа кодексі әзірленді.

 

Жаңа құжатта қолданыстағы Кодекспен сабақтастықты сақтай отырып, бірқатар ұғымдар мен баптарға өзгерістер егізілді. Жаңа Судья әдебінің кодексіне «сот әдебі» және «судья әдебі» деген ұғымдар енді. Бұл екеуі – екі бөлек ұғым. Сот әдебі сот процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін заңдардың процессуалдық нормаларын сақтауға байланысты судьяның кәсіби қызметіне ғана негізделген. Ал, судья әдебі дегеніміз – бұл бүкіл судьялар қауымдастығының жұмысына қатысты. Яғни, судьялардан бастап, қарапайым азаматтардың, жұртшылық өкілдерінің кәсіби қызметтегі қарым-қатынастарына баға беру критерийлеріне негізделген.

 

2016 жылыдың 21 қарашасында Астана қаласынада өткен VII Қазақстан Республикасы судьяларының съезінде Судьялық әдеп кодексі қабылданды. Кодекс қызметтегі судьялар мен отставкадағы судьяларға жүріс тұрыстың әдеп нормаларын бекітіп берді. Әдеп кодексінің қабылдануы Қазақстан Республикасы судьялар корпусы қызметінде маңызды оқиға болды. Өйткені, судьялардың жүріс-тұрысы, өзін ұстауы, моральдық-этикалық болмысы азаматтардың сотқа деген сенімін арттырудың бір көрінісі.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 31 қаңтар 2017 жылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында «Сот жүйесіне деген сенімді арттыру және Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою аса маңызды» деп атап өтті.

 

Судья сот отырысын жүргізудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге, өзін лайықты, әдепті ұстауға және сот отырысына қатысушылардың сот төрелігінің әділдігіне күмән туғызбауы үшін шаралар қолдануы тиіс.

 

Судьялық әдеп кодексімен белгіленген талаптарды қатаң сақтау сот жүйесінің беделін арттырып, халықтың сот органдарына деген сенімін нығайтары анық.

 

Қорыта айтқанда, сот жүйесіне жасалған реформалар өз жемісін беріп келеді. Десе де сот жүйесіне жасалатын жаңашылдықтар жалғаса бермек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы. Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет. Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие» деп атап өтті.

 

 

Қалдар Кумекбаев

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста