Сандық технологияның берері зор!
Өткен жылы интернет жылдамдығын көтеруге 392,5 млн. теңге нысаналы трансферт бөлінді. Жоғары жылдамдықты 4-10 Мбит/с интернет желісіне кабельдік жүйе арқылы 271 мектеп, спутник арқылы 340 мектеп қосылды.
Келешекте ел дамуының негізгі факторлары да осы саламен байланысты болмақ. Қазір экономиканың дамуын сандық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан цифрландыру бойынша елімізде пилоттық жобалар жүзеге асуда.
Осы орайда білім беру саласының алар орны зор.
Оны дамыту – заман талабы. Бүгінде білім саласындағы басты бағыттардың бірі – ақпараттық технологияларды игеру және оларды дамыту болып табылады. Қазіргі таңда облыс мектептері бойынша 326 химия, 295 биология, 353 физика, 392 лингафонды-мультимедиялық, 1523 әмбебап-интерактивті кабинеттер жабдықталған. Облыстың 628 мектебінде 2801 интерактивті тақта орнатылған. Сонымен қатар робототехника кабинеттері енгізілуде.
Цифрландырудың тетігі де білім ордаларында қалыптаса бастады. Мәселен, мектептер 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне толығымен қосылды. «Электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасына да жүйелі жүзеге асырылуда.