Сандық технологиядан сот саласы да сырт қалмады

Бүгінгі күні дүниежүзі сандық технологияға бет бұрды. Осы орайда еліміз де сандық технологияның көмегімен дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Экономиканың дамуына, қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізетіні сандық технологиялар сот саласында да азаматтарымыздың құқығын қорғауда саланы алға сүйреуде.
Осы орайда мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жаңа жаһандық болмысқа ұмтылудың жолын айқындайтын «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы жылдың басындағы Қазақстан халқына арнаған жолдауында сот жүйесі саласына да нақты міндеттер қойды. Жолдаудағы салмақты мақсат-міндеттердің бірі ретінде халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру болып отыр. Сондықтан сандық технологияның беріп отырған ашықтық, жариялылық, жемқорлықтың жолын кесу секілді мүмкіндіктерді халықтың сот саласына сенімін арттыруда өз ықпалын тигізері анық. Осы орайда сандық технология қызмет көрсету сапасын арттырып қана қоймай, ақпараттың қолжетімділігін жақсартып, саланың дамуына өзінің тиімді әсерін тигізіп отырғанын байқап отырмыз. Осылайша сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Сот қызметінің ең басты міндеті – сот төрелігін уақтылы әрі сапалы түрде жүзеге асыру. Қазіргі уақытта сот органдарында «Электронды үкімет» бағдарламасы шеңберінде электрондық іс жүргізу толықтай іске қосылған, оны сот органдарының «ТӨРЕЛІК» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі қамтамасыз етеді. Аталмыш жүйе сот құжаттарының электрондық мұрағатын, ішкі портал, кадрлық жүйе, соттардың Интернет-ресурстары, Call-центр, сот құжаттарымен танысу жөніндегі барлық сервистерді біріктіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бес институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 20 қадамын іске асыру барысында бүгінгі күні еліміздің барлық сот орындарында аудио-бейне, таспаға жазу құрылғыларын пайдалану қолға алынғандығын ерекше атап өтуге болады.
Бүгінде еліміздің барлық сот залдары сот процестерін аудио-бейне таспаға жазу құрылғыларымен 100 пайызға жабдықталғаны осының айғағы. Осының арқасында сот процесінің қатысушыларын тәртіпке келтіруге, даулы кезеңдер туындаған кезде процестің нақты барысын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берілуде. Сондай-ақ бұл заманауи технологиялар сот жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, нақты шараларының бірі болып отыр.
Аудио-бейнежазба жүйесі деректерді орталықтандырылған сақтау мүмкіндігіне ие, олар сот отырысының қатысушыларына «Сот кабинеті» арқылы қолжетімді. Яғни процеске қатысушылар дербес сот процесінің бейнежазбасын көре алады, қажеттілік туындаған жағдайда жазбаның көшірмесін түсіре алады. Бұл халықтың сотқа деген сеніммін арттырып қана қоймай, сот қызметінің сапасына халықтың ризашылығын арттырып отыр. Жалпы жаңа технологиялар сот жүйесін жүйелеуге мүмкіндік бере отырып, барлық процестерді айқын және түсінікті етуге, құжаттармен жұмыс істеу кезінде адам факторын азайтуға серпін беруде. Алдағы уақытта да сот жүйесінің жұмысын айтарлықтай жеңілдету мақсатында бірқатар пилоттық жобалар енгізіліп, іске асырылуда.
Теміржан Құдабаев, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының судьясы, Алматы қаласы
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста